Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қолдауымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жылдық құқықтық эволюциясы мен институционалдық трансформациялары» дөңгелек үстелі өтті.
Шараға Жетісу облысы әкімдігінің, облыстық соттың, прокуратураның, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, заң қоғамдастығының, «AMANAT» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сондай-ақ университет оқытушылары мен ғалымдары қатысты.
Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора конституциялық бақылау органының қызметі туралы айтып, оның құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы рөлін атап өтті. Ол сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қабылданған қорытынды шешімдерге тоқталды.
Дөңгелек үстел жұмысына Конституциялық Соттың талдаушысы Дәурен Шәріпбаев қатысып, мемлекеттік органдардың конституциялық бақылау органының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша түсініктеме берді.