Конституциялық Соттың талдаушысы ІІМ Басқару академиясында көшбасшылық дәріс өткізді

Конституциялық Соттың талдаушысы ІІМ Басқару академиясында көшбасшылық дәріс өткізді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың талдаушысы Әлия Бердібаева ІІМ Басқару академиясының докторанттары мен магистранттарына көшбасшылық дәріс өткізді.

Кездесу барысында ол конституциялық бақылау органының қызметі және азаматтардың Конституциялық Сотқа жолдаған өтініштерін қараудың ерекшеліктері туралы айтты.

Спикер Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларының нормаларын тексеру қорытындылары бойынша қабылданған Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын талдауға ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өзекті тақырыптарды талқылады. Бұл олардың құқық саласындағы кәсіби даярлығын арттыруға ықпал етеді.