Конституциялық Сотта діни-құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша семинар өтті

Конституциялық Сотта діни-құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша семинар өтті

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Миргүл Қалабаеваның қатысуымен Діни-құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған семинар өткізді.

Шараның мақсаты қызметкерлердің діни саланың ерекшелігі және оны реттеудің құқықтық аспектілері туралы білімдерін кеңейту болды.

Семинар барысында шақырылған спикер деструктивті діни ағымдар, экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ дін саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер туралы айтты. Қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, осы саладағы құқықтық мәдениетті нығайтудың практикалық тәсілдерін талқылады.