Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотқа Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысының 1-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті. Бұл қаулы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты.
Қаулының көрсетілген тармағы электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеуді белгілейді.
Өтініш беруші бұл қаулы оның іштен жану қозғалтқышы бар автокөлікте өз үйіне еркін жүру құқығын шектейді, сондай-ақ электромобиль иелері үшін артықшылықтар белгілейді деп санайды, бұл іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары бар адамдарға қатысты кемсітушілік болып табылады.
Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.