Конституциялық Сотта азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды

Конституциялық Сотта азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Николас Якоб Схермерспен кездесіп, 2025 жылғы маусымда еліміздің Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Сот ұсынған Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдаудың негізгі ережелері туралы айтты.

Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты.  Елші мырза Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде азаматтардың сот төрелігі және конституциялық бақылау туралы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іске асыруға жоспарланып отырған жоба туралы хабарлады.