Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері екінші жыл қатарынан Астанада жағалау аумақтарын тазарту акциясына қатысты. Бұл бастама жаһандық World Cleanup Day кампаниясы мен Еуропалық одақ өкілдігі және Эстония Елшілігі ұйымдастырған #EUBeachCleanup экологиялық акциясы аясында өткізілді. Биылғы жылы қатысушылар Есіл өзенінің жағалауын тазартты.
Шараға дипломаттар, эко-активистер, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындарын қоса алғанда, барлығы шамамен 400 адам қатысты.
World Cleanup Day – миллиондаған еріктілерді, үкіметтерді және ұйымдарды біріктіретін ең ірі жаһандық қозғалыстардың бірі. 2023 жылы бұл қозғалыс 198 ел мен аумақтағы 19 миллион қатысушыны біріктірді. 2024 жылдан бастап World Cleanup Day ресми түрде БҰҰ күні болып жарияланып, жыл сайын 20 қыркүйекте атап өтіледі және Халықаралық күндер мен апталардың күнтізбесіне енгізілді.