Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Жезқазғанда Ұлытау облысының үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығына арналған Азаматтық форумы өтті.
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Асет Балғынтаев пен Бағдат Рахметов Форум қатысушыларына конституциялық іс жүргізудің міндеттері мен ерекшеліктері, оның сот ісін жүргізуден айырмашылықтары, қолданыстағы заңнамаға сәйкес конституциялық бақылау органына өтініш жолдау талаптары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, олар Форумға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтық белсенділердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1068925?lang=kk