Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Ақтөбеде «Белсенді қоғам – берік болашақ» тақырыбында XII Азаматтық форум өтті.
Форум аясында Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Т. Мухсинова мен А. Бекенова үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, еріктілер бірлестіктеріне, белсенділерге және мемлекеттік органдардың өкілдеріне конституциялық бақылау органының азаматтардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты қолданыстағы заңнама талаптары туралы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің сот ісін жүргізуден айырмашылықтары жайында айтып берді. Сонымен қатар, Аппарат қызметкерлері Баишев университетінің және ҮЕҰ Ресурстық орталығының өкілдерімен де осындай кездесулер өткізді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1065639?lang=kk