Қазақстандағы корейлер қауымдастығының жастары Конституциялық Сотта болды

Қазақстандағы корейлер қауымдастығының жастары Конституциялық Сотта болды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Конституциялық Сотқа Анастасия Вангай бастаған Қазақстандағы корейлер қауымдастығы жастар қозғалысының делегациясы келді. Қонақтар құрамында елордалық оқу орындарының жоғары сынып оқушылары мен студенттері болды.

Экскурсияға қатысушылар Конституциялық Соттың тарихымен және қызметімен, Ата заңның маңыздылығы және оның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлімен танысты. Конституциялық бақылау органының тәжірибесінен нақты мысалдар ерекше қызығушылық тудырды.

Жас қонақтар заңгер және судья мамандығы, ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ құқық саласында жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер туралы белсенді сұрақтар қойды. Кездесу әсерлі өтіп, балаларды еліміздің заңдарын зерттеуге шабыттандырды.