Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 29-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/525050) сотталған адамның үкімді орындау сатысында осындай адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауға шағым беру бөлігінде адвокаттың қызметтерін пайдалану мүмкіндігінің болмауы Конституциямен кепілдендірілген және республиканың басқа заңдарында белгіленген заң көмегінің көлемін айтарлықтай шектейтінін атап өтті.
Конституциялық Сот үкімді орындау сатысында қорғаушының сотталушының мүддесі үшін өтініш беру іс жүргізу құқығы шектеулі деп санайды. Қорғаушыға сотталғанды қорғау үшін шағым түсіруге өкілеттік берілмейді.
Шешімді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000210) Заңмен ҚПК-нің 66 және 482-баптарына қорғаушының үкімді орындау сатысына қатысу құқығын көздейтін, сондай-ақ уәкілетті органдардың іс-әрекеттерін ғана емес, шешімдерін де қоса алғанда, шағымданатын актілердің тізбесін кеңейтетін өзгерістер енгізілді.