Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот 2023 жылғы 20 шілдедегі № 24-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/497333) Қылмыстық-процестік кодекстің 80-бабының екінші бөлігі төмендегідей түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танып, құқық қорғау органының уәкілетті бөлімшесінің немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін маман ретінде тартуға, егер бұл қызметкер іске мүдделі тұлға болып табылмаса, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін қажетті арнаулы бiлiмi мен арнаулы құзыреті болса, сондай-ақ республика аумағында заңнаманың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырмаса, жол беріледі деді.
Шешімді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000210) Заңмен ҚПК 80-бабының екінші бөлігі «бөлімшесінің» деген сөзден кейін «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері жоқ» деген сөздермен толықтырылды.