Конституциялық Соттың судьясы Оралдағы XII Азаматтық форумға қатысты

Конституциялық Соттың судьясы Оралдағы XII Азаматтық форумға қатысты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Орал қаласында өткен «Қоғам үні: еңбек адамы
және аймақтық даму» атты XII Азаматтық форумғақатысты. Шара азаматтық қоғамды дамыту, өзекті әлеуметтік мәселелер мен өңірлік саясатмәселелерін талқылау үшін маңызды диалог алаңына айналды. Қатысушылар арасында
мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар менқоғам қайраткерлері болды.
Өңірде ресми тіркелген 678 үкіметтік емес ұйымның шамамен 100-і белсенді жұмыс жүргізуде.
Форум аясында судья Бас прокуратура мен Заңнама жәнеқұқықтық ақпарат институтының өкілдерімен бірлесіп «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Қатысушылар Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында конституционализм қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.
Судья өз сөзінде конституциялық бақылау органының ағымдағы қызметі, бірқатар қорытынды шешімдерде баяндалған Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары, сондай-ақ Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының елімізде Конституцияның үстемдігін нығайтудағы рөлі туралы айтты. Ол сондай-ақ құқықтық мемлекетті нығайту контекстінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ашық диалогтың
маңыздылығын атап өтті.