Жол қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып түзетілді

Жол қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып түзетілді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сот 2023 жылғы 27 қазандағы №34-НҚ нормативтік қаулысында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/542602?lang=kk) масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ азаматтың бірден емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға құқылы екенін, бұл әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсаттарына сәйкес келмейтінін көрсетті.

Осыған байланысты конституциялық бақылау органы Үкіметке жол жүрісі туралы заңнамада арнайы құқық – көлік құралын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру құқығын белгілі бір мерзімге шектеу сияқты шара қарастыруды ұсынды.

Ұсыныс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 3 қазандағы Заң шеңберінде іске асырылды (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000130). 

Мәселен, «Жол жүрісі туралы» Заңның 74-бабы 2-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес ӘҚБтК 608-бабы алтыншы және жетінші бөліктерінде немесе 613-бабы тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар тиісінше жеті немесе сегіз жыл ішінде көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді. Емтихан тапсыруға берілген шектеу әкімшілік жауапкершілікке соңғы тартылған сәттен бастап есептеледі.