Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты белгілі бір мемлекеттік салалар қызметкерлерінің - әскери қызметшілердің, полицейлердің, дәрігерлердің, педагогтардың және арнайы органдар қызметкерлерінің балаларына - тұрғылықты жері бойынша балабақшаға кезектен тыс қабылдау құқығын беретін бірқатар нормалардың Конституцияға сәйкестігі туралы өтінішті қарады.
Өтініш беруші осы ережелерде әлеуметтік шығу тегі бойынша кемсітушілік белгілерін және баласының құқықтарының бұзылуын байқады. Алайда Конституциялық Сот іс жүргізуге жүгінуге негіз тапқан жоқ.
Сот дауланып отырған нормалар өтініш берушіге мектепке дейінгі білім алу құқығын жүзеге асыруына кедергі болмағанын атап өтті – оның баласы балабақшадан орын алған болатын. Бұл ретте құқықтар мен бостандықтарды пайдалану барлық жағдайда бірдей қарым-қатынасты көздемейтіні көрсетілді, бұл осы қызметтердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптермен байланысты мақсаттарын ескере отырып, ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес келеді.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың сараланған тәсілі қызметі ерекше жағдайлармен және қоғамдық маңыздылықпен байланысты азаматтардың жекелеген санаттарын қорғауға және қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың заңды тетігі ретінде танылады.