Конституциялық Сот: соттың өндіріп алынған сомаларды индекстеуді қолдануы адам құқығын бұзбайды

Конституциялық Сот: соттың өндіріп алынған сомаларды индекстеуді қолдануы адам құқығын бұзбайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты сот шешімімен өндіріп алынған ақшалай сомаларды индекстеу тәртібін реттейтін Азаматтық процестік кодекстің 239-бабы бірінші бөлігі ережесінің Конституцияға сәйкестігі туралы өтінішті қарады.

Өтініш беруші бұл норманы қолдану берешектің қайта пайда болуына әкеліп соқтырады және индекстеуді сот талқылауынсыз өндіріп алуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Конституциялық Сот бұл ұстаныммен келіспеді.

Қаулыда индекстеу – бұл міндеттемелерді уақтылы орындамаған кезде инфляциядан туындаған өндіріп алушының шығындарын өтеудің заңда көзделген тетігі екендігі атап өтілді. Ол адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектемейді, өйткені индекстеу сомасы Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі және қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң қолданылады.

Конституциялық Сот өтінішті іс жүргізуге қабылдауға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Өтініш беруші сотта өз мүдделерін қорғау, шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді пайдалану немесе орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге бастамашылық ету мүмкіндігінен айырылған жоқ. Іс жүзінде өтініш нақты сот актісімен келіспеушілікке негізделген, оны зерттеу және бағалау Конституциялық Соттың өкілеттігіне кірмейді.