Қабылданған қорытынды шешімдердің негізінде Конституциялық Сот заң шығару күн тәртібі шеңберінде мынадай мәселелерді қарау мүмкін деп пайымдайды:

Қабылданған қорытынды шешімдердің негізінде Конституциялық Сот заң шығару күн тәртібі шеңберінде мынадай мәселелерді қарау мүмкін деп пайымдайды:

Телеграмм КСhttps://t.me/consot_kz  

 

1. Алқабилердің сот процесіне қатысуына, баланың ұлтын анықтауға және көрсетуге, бала асырап алудың құқықтық институтын жетілдіруге және алименттік міндеттемелерге қатысты құқықтық ұстанымдарды ескере отырып, Қылмыстық-процестік, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстерге және олармен байланысты баcқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы.

2. Ойын бизнесін, сондай-ақ мұрагерлік пен сақтандыру мәселелерін реттеудегі құқықтық екіұштылықты жою мақсатында Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу туралы.

3. Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін ата-ананың жас балаға тікелей күтім жасаған уақытын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілінде есепке алуды, сондай-ақ қазіргі ахуалды ескере отырып, белгілі бір санаттағы адамдарды әлеуметтік қорғау тәсілдерін қайта қарауды қамтамасыз ететін өзгерістер енгізу туралы.

4. Сақтандыруға және зейнетақы жинақтарына қатысты ережелер бөлігінде азаматтық және әлеуметтік заңнама нормалары арасындағы құқықтық коллизияны жою туралы.

5. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң шеңберінде мемлекеттік қызметке кіру мәселелерінде өтелген немесе алынған соттылықтың құқықтық салдарын реттеу туралы.

6. Қазақстан Республикасына көлік құралдарын уақытша әкелу тәртібіне, жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін жалдау конкурстарына қатысу шарттарына, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесіндегі тәртіптік изолятор режиміне қатысты мәселелерді құқықтық реттеу туралы.

7. Парламенттің келесі сессиясы шеңберінде заң жобаларының тұжырымдамалық негіздемелерін қарау және заңнамалық мониторинг нәтижелерін талдау кезінде Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын есепке алу туралы.

Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдаудың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/862352?lang=kk