Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін іске асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілді:

Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін іске асыру нәтижесінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілді:

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

➤ жеке тұлғалардан сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттары бойынша алынатын мемлекеттік баж мөлшері оңтайландырылды және мемлекеттік бажды кейінге қалдырып төлеуге қолжетімділік енгізілді;

➤ Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы деңгейлердің, мақсаттардың, міндеттердің және мемлекеттік саясат саласындағы өкілеттіктердің аражігі ажыратылды; министрліктердің тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруы туралы норма бекітілді;

➤ судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тарту негіздері, оның ішінде «сот істерін қараған кезде заңдылықты өрескел бұзу» ұғымы нақтыланды;
судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау рәсімдеріне өкілдердің қатысу мүмкіндігі енгізілді;

➤ әкімшілік сот ісін жүргізуде апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатын беру мерзімдерін – сот шешімі түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап есептеу тәртібі нақтыланды;

➤ көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оны басқаруға құқығы жоқ адамдар емтихан тапсыруға жеті жыл бойы жіберілмейді деп белгіленді;

➤ кассациялық сатыда сот арқылы қорғалу құқығының кепілдіктері күшейтілді: шағымдарды алдын ала қарау рәсімінің күші жойылды, қылмыстық іс материалдарын талап етіп алдыру міндеті бекітілді, іс-әрекеттің саралануына және өзге де өлшемшарттарға қарамастан процестің барлық қатысушыларының кассациялық қайта қарауға тең қол жеткізуі қамтамасыз етілді;

➤ бұрын өздері тартылған жауаптылық түрлері мен салдары ескеріле отырып, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар нақтыланды;

➤ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қайта қарау мүмкіндігі кеңейтіле отырып, сот арқылы қорғалу құқығының кепілдіктері күшейтілді;

➤ отбасы мүшелерімен әлеуметтік байланыстарды сақтап тұру бөлігінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты кемсітушілік алып тасталды;

➤ бала асырап алуға кандидатқа қойылатын талап отбасын, ана мен әкені және баланы қорғау туралы конституциялық кепілдіктерге сәйкес нақтыланды;

➤ «пара беруге арандату» ұғымы нақтыланды;

➤ бір борышкерге қатысты бірнеше атқарушылық іс жүргізу жағдайында кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу шарттары нақтыланды;

➤ біркелкілік құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органның бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаларға заңда белгіленген ден қою алгоритміне Конституцияға сәйкес түсіндірме берілді;

➤ әскери қызметшілердің ақшалай ризығына қатысты ведомстволық қағидалардағы конституциялық емес деп танылған нормалардың күші жойылды;

➤ сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы істерді соттардың қарау практикасына қатысты заңға тәуелді деңгейдегі актілердің конституциялық емес деп танылған нормаларының күші жойылды;

➤ жазаны өтеудің қатаң жағдайларында және тәртіптік изоляторда ұсталған кезеңде білікті заң көмегін және медициналық көмек алуға қол жеткізу мақсатында сотталушының телефон арқылы сөйлесу құқығы бөлігінде Қылмыстық-атқару кодексінің нормаларына түсіндірме берілді;

➤ қай аумақтың соттылығына жататынын айқындау тәсілдері, оның ішінде ұзаққа созылған (жалғасатын) қылмыстар жасалған жағдайдағы тәсілдер нақтыланды;

➤ кәсіпкерлік пен ұйымдасқан қылмысты саралаудың құқықтық тәсілдері тұжырымдалды және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдаудың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/862352?lang=kk