Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Парламент Палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылғы және ағымдағы жылдың 5 айындағы конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауын ұсынды.
Эльвира Азимова бүгінгі таңда Конституциялық Сотқа 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түскенін, оның 95%-дан астамы азаматтардан келгенін хабарлады. Өтініштерінің басым бөлігі қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, жер, салық және әлеуметтік заңнаманың нормаларына қатысты болған.
Көптеген азаматтар заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстармен және құқықтық нормаларды түсіндіру туралы сұрау салулармен жүгінді. Азаматтардың құқықтық танымының артуы заң шығарушылар мен мемлекеттік институттардан кері реакцияны талап етеді. Осыған байланысты ол Әділет министрлігіне мұндай бастамаларды «Ашық нормативтік құқықтық актілер» және жасанды интеллектіні қолдануды қоса алғанда, заң консультациялары жобалары шеңберінде ескеруін ұсынды.
КС Төрағасы Конституциялық Сот өз қызметіне кіріскеннен бері 400-ге жуық қаулы қабылдағанын, олардың ішінде заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын тексеру нәтижелері бойынша 72 қорытынды шешім құқық шығармашылық мәселелеріне қатысты екенін атап өтті. Отыз үш нормативтік қаулы іске асырылды, он төрті – орындалу барысында.
Конституциялық Соттың Жолдауында заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар қамтылған. Эльвира Азимова заңнамалық бастамалар шеңберінде олардың ескеру мақсатында назар аудару керектігін айтты.
Оң нәтиже ретінде Үкіметтің Әділет министрлігіне атқарушы органдардың конституциялық бақылау органының шешімдерін орындау жөніндегі процесті үйлестіру жөніндегі функцияны беру туралы шешімі атап өтілді.
Конституциялық Соттың Жолдауында мемлекеттік органдардың өздері конституциялық іс жүргізу басталғанға дейін құқықтық түсініксіздіктер мен екіұштылықты жою шараларын проактивті түрде қабылдауға тиіс екендігі көрсетілген. Бұл, әсіресе, цифрландыруды және мемлекеттік басқару процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жағдайында маңызды.
Конституциялық Соттың деректері бойынша екі жарым жыл ішінде қабылданған 72 нормативтік қаулының (КС НҚ) 17 КС НҚ-да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің 19 нормасы Конституцияға сәйкес емес деп танылды, ал 15 КС НҚ-да 25 норма Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес деп танылған. КС түсіндірмелері заң шығару және құқық қолдану жұмысы шеңберінде орындалуға міндетті.
Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдаудың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/862352?lang=kk