Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
2025 жылғы 17 маусымда Қырғыз Республикасында өткен «Жаңа демократия елдерінде конституциялық сот төрелігінің қалыптасуы» халықаралық конференцияда 20 елден келген конституциялық соттардың төрағалары мен судьялары, ғалымдар және халықаралық сарапшылар бас қосты. Олардың қатарында Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Мысыр, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Ресей, Румыния, Таиланд, Түркия, Филиппин, Хорватия, Оңтүстік Корея елдерінің өкілдері болды. Конференция Қырғыз Республикасының Конституциялық Сотының құрылғанына 35 жыл толуына арналды.
Конференция қатысушыларын бейнеүндеу арқылы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров құттықтады. Ол тұрақты демократиялық дамуды қамтамасыз етудегі тәуелсіз конституциялық сот төрелігінің шешуші рөлін атап өтті. Қырғыз Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эмиль Осконбаев конституциялық сот төрелігін дамыту мәселелеріндегі ынтымақтастығы үшін халықаралық әріптестеріне алғысын білдіріп, қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында шешімдерді бірлесіп іздеудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова тиімді, тәуелсіз және кәсіби конституциялық сот төрелігі мемлекеттілікті нығайтудың қажетті шарты болып табылатынына баса назар аударды.
Конференция аясында Еуразиялық конституциялық соттар қауымдастығының отырысы өтіп, делегациялар еуразиялық кеңістіктегі құқықтық күн тәртібіне сәйкес ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен міндеттерін талқылады.