Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституцияның 30 жылдығына арналған шаралар аясында Конституциялық Соттың талдаушысы Денис Финк Астана Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын таныстырып, студенттерді адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі конституциялық кепілдіктерімен таныстырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етудегі Конституциялық Соттың шешуші рөлін атап өтті.
Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдерінің мысалдарында конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық бақылау органы қызметінің практикалық аспектілерін түсіндірді.
Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды.