Конституциялық Сот: еңбек шартының талаптарына ерікті түрде келісім беру еңбек бостандығы құқығын жүзеге асыруды растайды

Конституциялық Сот: еңбек шартының талаптарына ерікті түрде келісім беру еңбек бостандығы құқығын жүзеге асыруды растайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz 

 

Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті.

Өтініште айтылған мән-жайлар белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалған еңбек шартын тоқтатуға қатысты болды. Қызметкерді жұмыс беруші еңбек функциясын орындау үшін басқа ұйымға жіберді. Еңбек шартын тоқтату қабылдаушы тараптан Еңбек кодексінің дауланып отырған нормасында көзделгендей жазбаша хабарламаның түсуіне байланысты жүзеге асырылды.

Өтініш беруші бұған дейін еңбек қатынастарының екі тарапынан да еңбек шартының тоқтатылуын заңсыз деп тануды талап етіп, орындалатын жұмыс мерзімі туралы нақты шарттардың жоқтығына сілтеме жасай отырып, соттарға жүгінген. Сот органдары талаптарды қанағаттандырудан бас тартты. Азамат еңбек заңнамасының бұл нормасы оның еңбек ету құқығын бұзады деп санайды.

Конституциялық Сот дауланып отырған норма азаматтардың еңбекке конституциялық құқығын іске асыруына кедергі келтірмейтінін атап өтті. Еңбек шартын оның мерзімін қоса алғанда, шарттармен жасасу тараптардың ерікті келісімінің нәтижесі болып табылады. Осылайша, азамат шарттың талаптарын қабылдай отырып, өзінің еңбек бостандығына құқығын іске асырады.

Баяндалғанның негізінде Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздердің жоқтығы туралы қорытындыға келді.