Конституциялық Соттың қызметкерлері MNU университетінің бастамасын қолдады

Конституциялық Соттың қызметкерлері MNU университетінің бастамасын қолдады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz


Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының командасы Астана қаласындағы Триатлон саябағында өткен MNU Marathon 2025 қайырымдылық марафонына қатысты.

Шараның мақсаты – ауыр дертпен күресіп жүрген MNU университетінің 1-курс студенті Ерсултан Борибекке қолдау көрсету.

Марафонға шамамен 800 адам қатысты, олардың ішінде Maqsut Narikbayev University студенттері, оқытушылары, түлектері мен қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, серіктес компаниялар мен елорда тұрғындары.

 

#MNUMarathon2025 #RunForYersultan