Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Азамат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 24-тармағының 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Сотқа жүгінді.
Өтініш беруші «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан аумағында қызметін өтеу талаптарымен келіспейді. Дәлел ретінде өтініш беруші еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыру форматын көздейтін Еңбек кодексін көрсетті. Демек, өтініш берушінің пікірінше, қызметін өтеу мақсатында Қазақстан аумағында нақты болу талап етілмейді.
Конституциялық Сот «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту тараптардың өзара келісімі бойынша оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті. Мұндай келісім тараптардың, оның ішінде оқудан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын көздейді. Бұл шарт Ережелерде ғана емес, білім туралы заңнан да туындайды.
Осылайша, Қызметін өтеу жөніндегі ережелер нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіздер жоқ.