Меню

Страницы

Статья

Конституциялық Кеңестің экс-мүшелері

Рогов Игорь Иванович

Конституциялық Кеңестің Төрағасы (2004 - 2017 жж.)

1950 жылы 17 мамырда Баку қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы ағаш өңдеу комбинатының станокшысы болып бастаған.

1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Университетті бітірген соң  Алматы қаласы Әуезов АІІБ-нің тергеушісі болып жұмыс істеді, 1975 жылдан

1990 жыл аралығында 15 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысты: ассистент, аға оқытушы, қылмыстық құқық кафедрасының доценті, С.М.Киров атындағы ҚазМУ заң факультеті деканының орынбасары. 

1990 жылғы мамыр - 1992 жылғы шілде  аралығындағы кезеңде Президент және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1992 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Конституциялық соты төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1995 - 2000 жылдары год Мемлекет басшысының көмекшісі, кеңесшісі қызетін атқарды.

2000 жылғы қыркүйек – 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2001 - 2008 жылдары Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы және мүшесі болып тағайындалды.

2002 жылғы қаңтар – 2004 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары-мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы. 2003 - 2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің төрағасы.

2004 жылғы 15 маусымда Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 маусымдағы және 2016 жылғы 14 маусымдағы Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып жаңа мерзімдерге қайта тағайындалды.

Заң ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (1999).
Мемлекеттік марапаттарға ие: «Парасат» ордені (2005), ІІ-ші дәрежелі «Достық» (2011), І-ші дәрежелі «Достық» (2016) ордендерінің иегері; сондай-ақ ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Заңгерлік саласында бірқатар халықаралық сыйлықтарының иегері. «Фемида» халықаралық сыйлығының лауреаты.

Қазақстанның және шетелдердің басылымдарында 80-нен астам ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалары, конституциялық және қылмыстық құқық бойынша оқу-әдістемілік құралдары жарияланған.

 

КИМ Юрий Алексеевич

 

Конституциялық Кеңестің Төрағасы (1996 - 2000 жж.)

1940 жылғы 03 шілдеде Талдықорған облысында дүниеге келген (1940-2000 жж.).

1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Ішкі істер органдарының тергеушісі, Алматы қаласында халық судьясы болып қызмет істеген.

15 жыл бойы әділет органдарында қалалық әділет бөлімі бастығының орынбасарынан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары қызметіне дейінгі лауазымдарда болған.

1994 жылы 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты және комитет төрағасы болып сайланған.

1995 жылы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.

1996 жылғы 24 қаңтардан бастап 2000 жылғы 29 қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.

Заң саласындағы бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

 

ХИТРИН Юрий Александрович

 

Конституциялық Кеңестің Төрағасы (2000 - 2004 жж.)

1946 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген (1946-2004 жж.).

1970 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1969-1980 жылдары стажер, аудандық прокуратураның тергеушісі, Республика Прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Алматы қаласы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы, Қазақ КСР-і Прокуратурасының тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

1980-1987 жылдары Целиноград облысының прокуроры болды, 1987-1990 жылдары КСР Одағы Прокуратурасында еңбекпен түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы болып істеді, КСРО Прокуратурасының алқа мүшесі болды.

2000 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2004 жылғы 15 маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.

СӘБИКЕНОВ Салахиден Нұрсарыұлы

1939 жылғы 30 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген. 1964 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Ішкі істер органдарында қызмет еткен.

1966 жылдан ұстаздық және ғылыми жұмыста. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аға оқытушысынан бастықтың орынбасарына дейінгі жолдан өтті, кейіннен Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

1996 жылғы 01 ақпаннан бастап 1998 жылғы 16 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры қызметін атқаруда.

Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқықтың өзекті проблемалары бойынша бес монография мен 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.

Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті.

БҰСЫРМАНОВ Жұмабек Дүйсешұлы

1950 жылғы 27 қаңтарда Павлодар облысында дүниеге келген.

1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, проректоры (1976-1992 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының бөлім консультанты (1993-

1994 ж.ж.) болып жұмыс істеген.

1998 жылғы 06 наурыздан бастап 2002 жылғы 20 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқығы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

03.1998 жылдан 02.2002 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Мемлекет және құқық теориясы саласындағы ғылыми мақалалардың авторы. Заң ғылымының кандидаты, доцент.

 

МАМОНОВ Владимир Васильевич

 

1938 жылғы 20 қазанда Ресей Федерациясының Тамбов облысында дүниеге келген (1938-2001 жж.).
1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Ішкі істер органдарының тергеушісі болып жұмыс істеген, кейін 25 жыл бойы ұстаздық қызметте болған.
Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1996 жылғы 01 ақпаннан бастап 1999 жылғы 01 сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

АКУЕВ Николай Ильич

1941 жылғы 02 қарашада Ресей Федерациясының Қорған облысында дүниеге келген. 1963 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін заң пәндерінің оқытушысы, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі, ғылыми хатшысы болып қызмет істеген.

1990 жылғы сәуірде Қазақ КСР-інің 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, комитет төрағасы болып, ал 1994 жылы - Қазақстан Республикасының 13-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты және кіші комитетінің төрағасы болып сайланды.

1996 жылғы 02 ақпаннан бастап 2002 жылғы 20 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры қызметін атқаруда.

Төрт ұжымдық монографияның тең авторы, мемлекет және құқық мәселелері бойынша отыздан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Заң ғылымының кандидаты, "Тұран" университетінің профессоры. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" деген құрметті атаққа ие.

ЫҚСАНОВ Ордағали Қажығалиұлы

1938 жылғы 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Оны бітіргеннен кейін Алматы облыстық сотының судьясы болып қызмет істеді.

1992-1995 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы. 

1995-1996 ж.ж. - Қазақ мемлекеттік заң институтының проректоры. 1996 жылғы 02 ақпаннан бастап 1999 жылғы 02 сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта еңбегі сіңген демалыста.

ШОПИН Виталий Дмитриевич

1940 жылғы 11 қыркүйекте Ресей Федерациясының Белгород облысында дүниеге келген.

1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

18 жыл бойы ұстаздық қызметте болған. Ассистенттен бастап кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканына дейінгі жолдан өткен.

1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің "Мемлекет және құқық" бағдарламасының жетекшісі болып жұмыс істеген.

1996 жылғы 02 ақпаннан бастап 2002 жылғы 02 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта еңбегі сіңген демалыста.

Мемлекет және құқық проблемалары бойынша бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Заң ғылымының кандидаты, доцент. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" деген құрметті атаққа ие.

ТЕМІРБОЛАТОВ Серік Ғабдоллаұлы

1954 жылғы 13 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1979 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

11 жыл бойы прокуратура органдарында, тергеуші лауазымынан бастап, Қарағанды облысы көлік прокурорының көмекшісінен Республика Прокуратурасының бөлім бастығына дейін қызмет атқарған.

1990 жылдан бастап, Конституциялық Кеңестің мүшесі болып тағайындалғанға дейін, Республика Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған.

1996 жылғы 02 ақпаннан бастап 1999 жылғы 01 сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Аппаратының басшысы қызметін атқаруда.

 

КОТОВ Анатолий Константинович

 

1955 жылғы 15 шілде Мәскеу қаласында дүниеге келген (1955-2006 жж.).

1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1977 жылғы қыркүйекте Қазақ КСР-і Әділет министрлігінің аға консультанты болып бастаған.

Кейін ішкі істер органдарында қызмет еткен, офицер.

1988-1994 жылдары Республиканың Ғылым академиясында жұмыс істеген. Ғылыми қызметкерден Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Мемлекет және құқық институтының бөлім меңгерушісіне дейінгі жолдан өткен.

1999 жылғы 01 сәуірден бастап 2005 жылғы 01 сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

 

ЕСЕНЖАНОВ Амангельді Есенжанұлы

 

1943 жылғы 27 мамырда Алматы облысында дүниеге келген (1943-2006 жж.).

1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Заң саласындағы ғылыми еңбектердің авторы. 1999 жылғы 30 наурыздан бастап 2005 жылғы 30 наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

ОМАРХАНОВ Құрманбек Әукенұлы

1957 жылғы 05 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Р.А.Руденко атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Свердловск заң институтын бітірген.

1985 жылы Арқалық және Қостанай қалалары прокуратурасының аға тергеушісі, Арқалық қаласы прокурорының аға көмекшісі, Торғай облысы прокурорының көмекшісі ретінде прокуратура органдарында қызмет атқарған.

1999 жылғы 02 сәуірден бастап 2005 жылғы 01 сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта «Астана-финанс» Ипотекалық ұйымы АҚ басқармасының Төрағасы қызметін атқаруда.

БЫЧКОВА Светлана Федоровна

1957 жылғы 07 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика (1978 ж.) және заң (1991 ж.) факультеттерін бітірген. Заң ғылымының докторы.

1978 жылдан 1983 жылға дейін Қазақ сот сараптамалары ҒЗИ-нің инженері, сарапшысы, кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1986 жылдан 1997 жылға дейін Қазақ сот сараптамалары ҒЗИ-де аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директордың міндетін атқарушы лауазымдарында қызмет істеді. 2002 жылғы 20 ақпаннан бастап 2007 жылғы 06 шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқаруда.

 

 ӘБІШЕВ Қабылсаят Әзімбайұлы  

 

1957 жылғы 26 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген (1957-2021 жж.).

1978 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті. Оны бітірген соң университет кафедрасының оқытушысы болып қалдырылды.

1986 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының аспиранты.

1991 жылдан 1994 жылға дейін Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі.

1994 жылы ХІІІ шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне Жезқазған облысынан депутат болып сайланды. Конституциялық заңдар және адам құқықтары жөніндегі комитеттің хатшысы болды. "Құрмет орденінің иегері, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" және "Астана" медальдарымен наградталған.

2002 жылғы 20 ақпаннан бастап 2008 жылғы 20 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

БАЛТАБАЕВ Қуаныш Жетпісұлы

1948 жылғы 03 мамырда Ақмола облысында дүниеге келген.

1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы болып еңбек етті.

1978 жылдан 1981 жылға дейін Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Философия және құқық институтының аспирантурасында оқыды.

1981 жылдан 1998 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді.

1998 жылдан 2001 жылға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі.

2002 жылғы 20 ақпаннан бастап 2008 жылғы 20 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры қызметін атқаруда.

ЖАИЛҒАНОВА Анар Нұралықызы

1969 жылғы 10 шілдеде Семей облысы Чарск ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін медальмен тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы үздікпен аяқтады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Ғылыми Академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер қызметінде жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми Академиясы аспирантурасының күндізгі бөліміне түскен.

1994 жылы Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының консультанты, 1997 жылы аталған соттың судьясы болып қызмет атқарды.

1999 жылғы маусымда Әділет министрлігінің Сот жүйесін талдау және жетілдіру басқарма бастығының орынбасары, аталған жылы қарашада осы басқарманың бастығы болып қызмет атқарды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты. 2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2001 және 2003 жылдары аралығында екінші жоғарғы экономикалық білімін алды.

2002 жылы «Қазақстан Республикасында сот қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 25.08.2005ж. №1633 «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 17.06.2008ж. №615 «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

Мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі үшін 2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 172 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» омырауға тағатын белгісін алған.

Мемлекет басшысының 13.08.2013 жылғы № 612 Жарлығымен А. Н. Жаилғанова Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 09-19/56 бұйрығымен «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды.

2016 жылдың наурызынды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

БАҚТЫБАЕВ Ілияс Жақыпбекұлы

1948 жылғы 1 тамызда Алматы облысы Талғар ауданының Қызыл ту-3 ауылында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын ауылдық мектепте лаборант ретінде бастады. 1968 жылдан 1971 жылға дейін Талғар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нұсқаушысы, жаттықтырушысы, жұмысшы болып қызмет атқарды.

Университетті бітіргеннен кейін, 1977 жылғы қыркүйектен 1982 жылғы маусымға дейін Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып жұмыс істеді.

1982 жылғы маусымнан 1984 жылғы желтоқсанға дейін – Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының халық судьясы.

1985 жылғы қаңтардан 1988 жылғы ақпанға дейінгі кезең ішінде Алматы қаласы Москва ауданы прокурорының орынбасары, одан соң 1990 жылғы қыркүйекке дейін – Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокуроры болып қызмет атқарды. 1990 жылғы қыркүйектен 1991 жылғы сәуірге дейін – Қазақ КСР Президенті Аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің консультанты, мемлекеттік-құқықтық референтурасының аға референті.

1991 жылғы сәуірден қазан айына дейін – Алматы қаласы прокурорының орынбасары. 1991 жылғы қазаннан 1994 жылғы наурызға дейін – Алматы облысының прокуроры. 1994 жылғы наурызда ҚР Бас Прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болып тағайындалды. Қостанай облысының прокуроры (1997- 2000 жж.), Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2000- 2003 жж.) лауазымдарында болды. 2003 жылғы наурыздан 2008 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды. 2008 жылғы 5 наурызда Парламент Мәжілісінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 05.03.2014 жылғы № 691-V МП Қаулысымен І.Ж.Бақтыбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

2016 жылғы 27 сәүірдегі № 33-VI ПМ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс қаулысымен Конституциялық Кеңесінің мүшесі І.Ж. Бақтыбаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Заң ғылымдарының докторы.

БЕЛОРУКОВ Николай Васильевич

1952 жылғы 20 наурызда Көкшетау облысы Володар ауданының Карловка селосында туған.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын "Алматыжилстрой" трестіне қарасты №20 Құрылыс-монтаж басқармасында құрылысшы болып бастаған. Университетті бітірген соң Алматы облысы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Қасқелең ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1980 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры, ал 1983 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1984 жылы Қазақ КСР-і Прокуратурасы заңдардың көлікте орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры болып тағайындалды.

1988-1992 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Прокуратурасы жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. Соңыра Қостанай облысының прокуроры болып тағайындалды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1994 жылы Джорджтаун университетінің жанындағы Халықаралық құқық институтында стажировкадан өтті, Вашингтон, АҚШ.

1994-1996 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылықты, құқық тәртібін және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. 1996 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары-сектор меңгерушісі.

2001-2002 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі лауазымында болды. Содан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық басқармасының Сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің бас инспекторы болып қызмет істеді.

Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері. "Әділет аға кеңесшісі" сыныптық шенінің және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері. «Парасат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталды.

2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

СТАМҚҰЛОВ  Үбайдолла Мырзағалиұлы

1951 жылғы 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданының Первомаевка селосында туған.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облысы Ленгір аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастады. Университетті бітірген соң КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінің азаматтық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 1979-1982 жылдардағы кезеңде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызметпен айналысты.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебінің бастығы лауазымын иеленді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебінің бастығы болды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының бастығы болып тағайындалды.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі болып қызмет істеді. 2004 жылғы мамырдан 2005 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі лауазымында болды.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Заңгерлік саласындағы бірқатар ғылыми еңбектердің авторы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрметті қызметкері. "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медальдарымен марапатталған.

2005 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2011 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаті Төрағасының өкімімен жаңа алты жылдық мерзімге Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

НҰРМАҒАМБЕТОВ Аманжол Мағзұмұлы

1950 жылғы 3 маусымда Көкшетау қаласында туған.

1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті заң факультетінің аспиранты.

1975-1989 ж.ж. - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің оқытушысы.

1989 жылдан бастап партия жұмысында болды, одан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болып тағайындалды. Одан соң Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болып қызмет істеді. Парламент Сенаты Төрағасы хатшылығының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен судьялық жоғары біліктілік сыныбы берілді.

Заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі.

"Еңбек рыногі: құқықтық проблемалары және болашағы" атты ғылыми монографияның, сондай-ақ еңбек проблемалары және конституциялық құқық саласындағы 50-ден астам мақаланың авторы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының иегері. "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалімен наградталған.

2005 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2011 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының өкімімен жаңа алты жылдық мерзімге Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенттің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Дата публикации
01 января 1970
Дата обновления
01 января 1970
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес
Журналдар
16 апреля 2024
Жаршы (4-басылым)
16 апреля 2024
Вестник Евразийской ассоциации органов конституционного контроля. Выпуск 2 (88)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter
Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары