Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 71-НҚ нормативтік қаулысы

Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2025 жылғы 23 сәуірдегі № 71-НҚ)

 

Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы» 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысының қарар бөлігіндегі 2-тармағының екінші бөлігіне түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өтінішхатын қарады.

Нормативтік қаулыны Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқықтары мен бостандықтарына (сайлауға, сайлануға құқығы) қатысты Конституцияның 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарау қорытындысы бойынша қабылдаған болатын.

Осы ресми түсіндіруге сәйкес жоғарыда аталған конституциялық нормаларды Қазақстан Республикасында көпазаматтылық, оның ішінде қосазаматтылық қабыл алынбайды және азаматтығына қарай оның азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің толық көлеміне ие болу деп түсіну керек. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген, оған сәйкес шетелдіктерге Конституцияның 33-бабында, 41-бабының 2-тармағында,
51-бабының 4-тармағында, 86-бабының 3-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар қолданылмайды. Шетел азаматтары Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда пайдалана алмайтын басқа құқықтар мен бостандықтарды да жүзеге асырмауға тиіс.

Әділет министрі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың «өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебесі» бар дегенді түсіндіру бөлігінде Конституциялық Кеңестің ресми түсіндіруіндегі ережеге (нормативтік қаулының қарар бөлігіндегі 2-тармағының екінші бөлігі) мынадай сұрақтарды ескере отырып қосымша түсіндірме беру туралы өтінішхатпен жүгінді:

«1. Бұл шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына қатысты құқықтары тек шектелуі мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарының көлемі бойынша одан артық болуы мүмкін емес дегенді білдіре ме?

  1. Конституцияның 12-бабы 4-тармағының және
    39-бабының құқықтық өзара байланысында мұндай тыйым шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін көзделмеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына елдің белгілі бір аумағында құмар ойындарға қатысуға жіберуге тыйым салуды заң деңгейінде енгізу мүмкін бе?».

Өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот түсіндірме беру туралы қосымша шешім қабылдады. Ол екінші мәселені (Қазақстан Республикасы азаматтарының еліміздің белгілі бір аумағында құмар ойындарға қатысуына рұқсат етуге заң деңгейінде тыйым салуды, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мұндай тыйым салу көзделмеген кезде, енгізу мүмкіндігінің Конституцияға сәйкестігін) қарау өзінің құзыретіне кірмейді деп көрсетті. Бұл мәселені Парламент конституциялық өкілеттігі шеңберінде қарауға құқылы.

Өтінішхаттағы бірінші сұраққа қатысты Конституциялық Сот Қазақстан азаматтығы бар адамдар конституциялық құқықтары мен бостандықтардың ауқымды көлеміне ие деп түсіндірді. Конституциялық Сот «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өзге, шектеулі конституциялық-құқықтық мәртебесі» оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстанның азаматтары үшін тікелей белгіленген кейбір құқықтар мен бостандықтардың қолданылмауын көздейді деп қосымша түсіндірме берді. Сонымен қатар, мұндай шектеулер Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының ережелері сақтала отырып, заңдармен белгіленуі мүмкін.

Дата публикации
23 апреля 2025