Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 55-НҚ нормативтік қаулысы

Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 55-НҚ)

 

Конституциялық Сот азаматтың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) 37-бабы 6-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

Аталған норма некесі (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған күннен бастап есептелетін талап қоюдың ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылатынын белгілейді.

Өтініш субъектісі Кодекстің көрсетілген ережесі некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңде заңды негіздерде сатып алынған мүлікке билік ету құқығын шектейді деп есептейді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін өзінің жауапкерден (бұрынғы жұбайынан) ақша сомасын өндіріп алу арқылы ортақ мүліктегі үлесті бөліп шығару туралы талап қоюын сот Кодекстің көрсетілген нормасына сілтеме жасай отырып, қанағаттандырудан бас тартқан.

Конституциялық Сот заң шығарушының неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талаптар бойынша талап қоюдың ескіруінің үш жылдық мерзiмiн белгілеуі некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылу фактісін құқық бұзушылыққа теңестіреді. Талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану салдары құқықтық жағдай туғызады және мүлік бөлінгеннен кейін олардың кез келгені өзінің құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдделердің бұзылу фактісін анықтаған барлық жағдайларда ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен мүлікті бөлу мүмкіндігі жасанды түрде шектеледі атап өтеді.

Осылайша, қолданыстағы норма ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген талап қоюдың жалпы ескіру мерзімін қолданатын сотта өзінің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа адамдармен салыстырғанда ортақ бірлескен мүлікті бөлу кезінде өз құқықтарын қорғайтын бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты кемсітушілік туғызады.

Мұндай талапты белгілеу бұрынғы ерлі-зайыптылардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін сот төрелігіне қол жеткізуін шектейді және соның салдарынан заңды түрде сатып алынған кез келген мүлікті, атап айтқанда некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде сатып алынған мүліктегі үлесті жеке меншікке алу құқығына қол сұғады.

Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Кодекстің 37-бабы 6-тармағының неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған күннен бастап талап қоюдың ескіру мерзімін есептеу туралы нормасы «неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап» деген сөздер бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деген тұжырымға келді.

 

Дата публикации
04 декабря 2024