Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 06 қазандағы № 33-НҚ)
Конституциялық Сот азаматтың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 168-бабы төртінші бөлігі бірінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
Сот шешімімен өтініш субъектісінің әкімшілік талап арызы қанағаттандырудан бас тартылып, шешім ауызша тыңдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң түпкілікті нысанда шығарылды. Өтініш беруші сот шешімі шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде апелляциялық шағым беру мерзімін түпкілікті нысанда толтырылған сот шешімінің болмауына байланысты өткізіп алған.
Өтініш субъектісі ӘРПК-нің 168-бабы бөлігінің апелляциялық шағымды соттың шешімі шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беру мерзімін белгілейтін нормасы процеске қатысушының Конституцияның 13-бабының 2-тармағында бекітілген өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығын бұзады деп ойлайды.
Конституциялық Сот, Конституция әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқықтарын айқындайды деп санайды. Аталған құқық абсолютті болып табылады, одан ешкім айыра алмайды және ешбір жағдайда да шектеуге жатпайды. Әкімшілік іс жүргізудің мақсаты қоғамдық-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру болып табылады. Сот шешімін түпкілікті нысанда дайындау мерзімдерін және жекелеген санаттағы істер бойынша прокурордың апелляциялық шағым беру үшін белгіленген мерзімдерді белгілеу туралы ӘРПК баптарының сәйкес келмеуі, себебі сотқа дейінгі аралықта оның қаулыларының қарар бөлігін жариялау және оның нәтижесін шығару негізінде іс жүргізудің мақсатына жетуге ықпал етпейді әкімшілік процеске қатысушылардың қабылданған сот шешіміне шағым жасау үшін заңнамада көзделген құралдарды пайдалануы тұрғысынан жеткіліксіз.
Конституциялық Сот ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінің бірінші абзацын Конституцияға сәйкес деп тауып, осы ережеде көрсетілген әкімшілік істердің санаттары үшін шешім шығарылған күн деп барлық басқа әкімшілік істер үшін белгіленгендей түпкілікті нысанда сот шешімі шығарылған (дайындалған) күн деп түсіндірді.