Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 28-НҚ нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 28-НҚ)

 

Конституциялық сот азаматтың Конституцияның 33 – бабының 3-тармағына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына (бұдан әрі-сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкестігі туралы өтінішін қарады.

Көрсетілгенбапқасәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсі заңда белгіленген тәртіппен сот мойындаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкімгекандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат болаалмайды.

Өтініш субъектісін бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды және тіркеді. Кейіннен депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу өтініш субъектісінің декларацияда дұрыс емес мәліметтерді көрсетуі және бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы негізінде жойылды. Өтініш субъектісінің пікірінше, сайлау туралы Конституциялық заңның дауланып отырған бабы оның конституциялық құқықтарын бұзады, өйткені ол Конституцияда көзделмеген шектеулерді белгілейді.

Конституциялық сот Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген шектеу халықтың мемлекеттік билікке деген сенімін қамтамасыз етуге және конституциялық құндылықтарға елеулі қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған деп санайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қамтиды. Халықаралық стандарттар пропорционалдылық пен мөлшерлестік қағидатын сақтай отырып, елдің ішкі заңнамасында азаматтардың бәсең сайлау құқығына шектеулер белгілеуге жол береді. Заң шығарушы жария лауазымдарды атқаратын адамдардың кәсіби және адамгершілік қасиеттеріне және тиісінше, олардың жария билікті атқарушылар ретіндегі әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығы мен әділдігіне азаматтардың күмән келтірмеуі үшін олардың беделіне жоғары талаптар белгілеуге құқылы.

Конституциялық Сот сайлау туралы Конституциялық заңның 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасын Конституцияға сәйкес деп таныды.

Дата публикации
20 сентября 2023