Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 12 нормативтік қаулысы

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 28 сәуірдегі № 12)

 

Конституциялық сот азаматтың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 811-бабы екінші бөлігінің, 852-бабы бірінші бөлігінің және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

ӘҚБтК-нің 811-бабыныңекіншібөлігінесәйкессубъектсанкциялардакөрсетілгенқысқартылғанмерзімдерде айыппұлды өз еркіментөлегенжағдайда,ісмәні бойынша қаралды,шешім–заңдыкүшіне енді,алтұлға–әкімшілікжауаптылыққатартылды деп есептеледі.Осыбөлімдеқысқартылғаніс жүргізу тәртібіменқаралғаністерқайта қарауға жатпайтыныбекітілген.

Өтініш субъектісі істі, оның ішінде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айыратын ӘҚБтК-нің өтініште көрсетілген баптары Конституцияға сәйкес келмейді деп есептейді, осыған байланысты оларды конституциялық емес деп тануды сұрайды.

Конституциялық Сот қысқартылған немесе іс жүргізудің жалпы тәртібі туралы шешімді тұлға өзі қабылдайды деп санайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша, оларға жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыларды қайта қарау туралы іс жүргізу ережелері қысқартылған іс жүргізу барысында шешімдер қабылданған жағдайларға есептелмеген. Өтініште көрсетілген нормалардың өзара сәйкес келмеуі азаматтардың конституциялық құқықтарының да, істі қайта қарау құқығының да бұзылуына әкеп соқтырмауға тиіс. Уәкілетті орган немесе сот іс жүргізу жоспарында бұл мәселе реттелмеген немесе жеткіліксіз дәрежеде реттелгендігі негізінде тұлғаны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қарау құқығын шектей алмайды. Құқыққолдану тәжірибесіндегі мұндай формалды тәсіл азаматтардың тең болуын және олардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау құқығы мен сот арқылы қорғалу құқығын айтарлықтай бұзуға алып келеді.

Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін. ӘҚБТК баптарында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы айтудың болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауапқа тартылған адамды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау құқығынан айырмайды.

Дата публикации
28 апреля 2023