Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 10 нормативтік қаулысы

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

(2023 жылғы 21 сәуірдегі № 10)

 

Конституциялық сот «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 44 – бабы 4-тармағының, 44-1-бабы 3-тармағының және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңының (бұдан әрі-заң) 24-бабы 1-тармағының ережесінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

Президент Жарлығымен өтініш субъектісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде атқарып отырған судья лауазымынан босатылды, ол оны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқарып отырған лауазымына сәйкес емес деп таныды. Бұған дейін оған Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің (бұдан әрі – Сот жюриі) шешімімен сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Дауланып отырған нормаларға сәйкес Сот жюриімен Комиссияның белгіленген шешімдеріне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасай алады.

Өтініш субъектісінің пікірінше, Комиссияның немесе Сот жюриінің шешімдеріне тек Жоғары Сот Кеңесіне ғана шағымданудың осындай шектеу нормалары Конституцияда көзделген әрбір адамның сот арқылы қорғалуына іргелі құқығын іске асыру мүмкіндігін болдырмайды.

Сонымен қатар, Конституциялық Сот Судья жағдайының құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ету, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тартумен және оған өзге де шаралар қолданумен байланысты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу мүдделерін негізге ала отырып, мемлекет судьяларды атқарып отырған лауазымынан босату бойынша көп сатылы іс жүргізуді белгіледі, олар бірнеше дербес кезеңдерден тұратынды5ын атап өтеді. Әр кезеңдегі шешімдер барлық материалдармен танысуға, түсініктеме беруге, басқа адамдарды шақыруға және басқа құжаттарды ұсынуға құқылы судьяның қатысуымен алқалы түрде қабылданады (Заңның 23-бабының 1-тармағы). Конституциялық заңда және Заңда Комиссияның немесе Сот жюриінің шешімдеріне Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасаудың ерекше тәртібі де белгіленеді, ол аталған шешімдердің күшін жоюға құқылы (Заңның 24-бабының 3-тармағы). Конституциялық Сот судья лауазымдарынан босатудың ерекше тәртібіне қарай Конституциялық заңда және Заңда белгіленген Комиссияның немесе Сот жюриінің шешімдеріне Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасау рәсімі олардың Конституцияның 13-бабының 2-тармағында бекітілген сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтірмейді деген пікірде.

Конституциялық сот Конституциялық Заң мен заңның нормаларын Конституцияға сәйкес деп таныды және Жоғарғы Сот пен Жоғарғы Сот Кеңесіне судьялардың құқықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында қорғаушының қатысуы және судьялардың өз мүдделерін қорғаудың басқа құралдарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін ескере отырып, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды.

Дата публикации
21 апреля 2023