Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 27 наурыздағы № 5)
Конституциялық Сот азаматтың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 10-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы, 64-бабы 1-тармағы және 65-бабы 2-тармағы ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарады (бұдан әрі – Заң, Әлеуметтік кодекспен күшін жойды), олармен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражаттың мөлшеріне әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша лауазымдық айлықақысы (қосымша ақысы) енгізілетіні көрсетіледі.
Өтініште өтініш субъектісіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеу тоқтатылды, себебі кассациялық сатыдағы сот қызмет кезінде жасалған қылмыс үшін соттың айыптау үкімімен арнайы атақтан айыру еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтатуға әкеп соғады деген қорытындыға келді, өйткені азаматтың құқықтық мәртебесі өзгерді, делінген.
Өтініш субъектісі сот үкімімен арнаулы атақтан айыру еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығының тоқтатылуына әкеп соқпауға тиіс деп санайды.
Конституциялық Сот қолданыстағы заңнамалық актілер (Заң және Құқық қорғау қызметі туралы заң) құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін тоқтатудың құқықтық негіздері мен тәртібін реттейтін нормалар қамтылмаған деп атап өтеді. Осы саладағы негізгі заң болып табылатын Заңда екі негіз ғана – зейнеткер қайтыс болғанда немесе ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылады деп көзделген. Өтініш нысанасы болып табылатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның нормалары Парламент қабылдаған Әлеуметтік кодекске енгізілген.
Конституциялық Сот Заңның 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 64-бабының 1-тармағы және 65-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Заңға сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтатуға азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға конституциялық құқығын іске асыру мәселелерін реттейтін тиісті заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана жол беріледі деген берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп таныды.