Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 6 наурыздағы № 4)
Конституциялық Сот азаматтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарады.
Аталған бапқа сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайды.
Өтініш субъектісі бұл бап оны өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырады және мемлекеттік органдарға сайлану құқығына нұқсан келтіреді және азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы қағидатын бұзады деп пайымдайды.
Конституциялық Сот адам құқықтары мен бостандықтарының кез-келген заңнамалық шектеулері заңды мақсаттарға сәйкес келуі және әділдік, пропорционалдық және мөлшерлестік талаптарына сай болуы керек деп санайды. Кейбір жағдайларда соттылықты өтеу немесе алып тастау мемлекеттік қызметке кіруге кедергі болмайды. Осылайша, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған және заңмен қорғалатын мүдделерге неғұрлым елеулі зиян келтірген азаматтар мемлекеттік қызметке кіруге тыйым салу оларды жіберілген тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарумен байланысты адамдармен салыстырғанда неғұрлым қолайлы жағдайда болады. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған азаматтар үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу белгілеу конституциялық құқықтар мен бостандықтардың мәнін бұрмалайды, олардың рұқсат етілген шектеулерінің Конституциялық шегін бұзады және әділдік, пропорционалдық және мөлшерлестік талаптарына жауап бермейді.
Конституциялық Сот мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің барабарлығының болмауына байланысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды және Үкіметке мемлекеттік басқару, және Үкіметке алты айдан кешіктірмей Парламент Мәжілісіне заңнаманы сәйкестендіруге бағытталған заң жобасын енгізуді ұсынды.
Конституциялық сот Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің барабарлығының болмауына байланысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде Конституцияға сәйкес емес деп таныды, және Үкіметке алты айдан кешіктірмей Парламент Мәжілісіне заңнаманы сәйкестендіруге бағытталған заң жобасын енгізуді ұсынды.