Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 10 қаңтардағы № 2)
Конституциялық Сот Парламент депутаттарының Конституцияның 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беру туралы өтінішін қарады.
Аталған бапқа сәйкес конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.
Өтініш субъектісі екі сұраққа жауап беруді сұрайды:
- Парламент Конституция мәтінінде осындай деп аталатын конституциялық заңдарды ғана қабылдауға құқылы ма?
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?
Конституциялық Сот 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне ғұмыр бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлануға шектеудің қолданылмауын Конституциядан алып тастады деп санайды. Бұдан басқа, 2022 жылғы конституциялық реформамен заң шығармашылық процесінің тәртібі өзгертілді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап конституциялық заңдарды Парламент оның Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылым өткізе отырып, қабылдайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының дербестендірілген Конституциялық заңының әрекет етуінің конституциялық-құқықтық негіздерін және Конституциядан Республиканың тұңғыш Президенті туралы басқа да атап өтулерді алып тастаған 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумнан кейін осы Конституциялық заңның қолданыстағы заңнамада сақталуы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңаланған редакциясымен келіспейді. Осы деңгейдегі заңнамалық актілерден олардың реттеу мәселелері Конституциясынан алынып тасталған конституциялық заңдар шығарылып тасталуы тиіс.
Конституциялық Сот, қазіргі уақытта Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады.