Нұрмұханов Бақыт Маратұлы
1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты (2010).
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады (2000–2003).
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық бөлімінде консультант, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің талдау жұмысы секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды (2003–2006).
Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі (2006–2011), құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2011–2017), Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы (2017–2022) қызметтерін атқарды.
2008–2022 жылдары Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссиясымен (Венециялық комиссия) байланыс жөніндегі офицер қызметін қоса атқарды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.
2023 жылғы 10 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020) мерейтойлық медальдарымен, «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші», «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгілерімен және басқа да наградалармен марапатталған.