Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Нұрмұханов Бақыт Маратұлы
Конституциялық Сотының судьясы
Общая информация, образование

Нұрмұханов Бақыт Маратұлы 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген (2000). Заң ғылымдарының кандидаты (2010).

Карьера

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы болып еңбек жолын бастаған.

2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппаратында жұмыс істеген: заң бөлімінің консультанты; құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы; құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, талдау жұмысы секторының меңгерушісі (2003-2006); Төрағаның кеңесшісі (2006-2011); Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (2011-2017); Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы (2017-2022).

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалды.

2023 жылғы 10 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдан 2023 жылға дейін Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) байланыс қызметкері функцияларын атқарған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да наградаларымен марапатталған: «Құрмет» ордені (2025), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012); Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2022); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдары; «Үздік мемлекеттік қызметші», «Қазақстанның құрметті заңгері» және басқа да төсбелгілер.

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Twitter

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты