Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Азимова Эльвира Әбілхасымқызы
Конституциялық Сотының Төрағасы
Общая информация, образование

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.

Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген (1996).

Карьера

Еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастаған, онда Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, бас консультанты болып жұмыс істеді (1996-1999). Одан әрі Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1999-2005).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменттерін басқарды (2005-2010).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болып жұмыс істеді (2010-10.2013).

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарды (02.10.2013-09.2019).

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды (02.09.2019-31.12.2022).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (18.09.2021) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды (17.05.2022).

2023 жылғы 1 қаңтардан Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» (2013), II дәрежелі «Достық», III дәрежелі «Барыс» (2025) ордендерімен (16.12.2021), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), «Қазақстан Республикасының ҚМ 100 жыл» (2021), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021), «Қазақстан республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025), медальдермен, I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» (08.05.2015), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019) Халықаралық марапаттармен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Twitter

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты