
Кеше Астанада Комитеттің Ұлттық сараптама орталығының базасында жаңадан құрылған Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамыту жөніндегі Консультативтік кеңестің (Кеңестің) бірінші отырысы өтті.
Кеңестің Төрағасы лауазымына Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы, Төрағаның орынбасары лауазымына Ерубаев Тоқтасын Кенжеханұлы сайланды.
Кеңес Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды және сала ардагерлерін, сондай-ақ бейінді органдар мен ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Кеңестің құрылу мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге ұсынымдарды әзірлеулеуге қатысу.
Мұндай консультативтік-кеңесші орган құру санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мамандардың ұрпақтар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін қалыптастыратың платформасы болып саналады.