Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Комитетте ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, халықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосқан олардың үлесі атап өтілді. Қазақстанда Отан қорғаушылар күні жыл сайын 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1992 жылы осы күні «Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа» қол қойылған болатын.

Отан қорғаушылар күні – қызметі қоғам мен азаматтардың әл-ауқатын нығайтып, қауіпсіздігін күзететін әрбір азамат үшін маңызды күн.

«Әрқайсыңыз халқымыздың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге шексіз үлес қосып келесіздер. Әрқайсыңызға зор денсаулық, кәсіби және жеке өміріңізде табыстар тілеймін», - деп атап өтті Комитет төрағасы Сархат Бейсенова.

Комитеттің әйелдер қауымы ер-жігіттердің құрметіне мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастыра отырып, олардың қажырлы еңбегі мен кәсібилігі үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.