Шымкентте балалар тағамының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған білім беру мекемелерінде салауатты тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинарлар сериясы шеңберінде оқыту іс-шарасы өтті.
Бұл семинар 2024-2025 оқу жылының аяғына дейін тамақтану стандартын енгізу жөніндегі жол картасында көзделген бүкіл ел бойынша мектептегі тамақтануды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Оқыту Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының, Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Денсаулық сақтау басқармаларының, Білім басқармаларының және олардың аудандық бөлімшелерінің жауапты мамандарына арналып өткізілді.
Мамандар стандарттың негізгі өзгерістерін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, тамақтану сапасын бақылау жүйесін, сондай-ақ теңдестірілген мектеп мәзірін құру принциптерін талқылады. Мектептегі ас блоктарының қызметіне және тамақтану қызметтерін жеткізушілермен жұмыс кезінде стандартты енгізудің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.