Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Еуразиялық экономикалық одақтың 10 жылдығына орай Комитет қызметкерлері: Нұрқан Сәдуақасов, Әйгерім Сәдубаева, Розалина Ермекпаева және Нұртуған Ерубаев мерейтойлық медальмен марапатталды.

Бұл марапат жоғары кәсіпқойлықты, көп жылдық адал еңбекті, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлес пен жеткен жетістіктерді мойындау болып табылады.

Комитет ұжымы әріптестерін лайықты наградасымен шын жүректен құттықтайды! Жаңа кәсіби биіктер мен табыстар тілейді!