ҚР ДСМ Аппарат басшысының бұйрығымен Комитет төрағасының орынбасары лауазымына Роза Қожапова тағайындалды. Роза Абзалқызы өзінің кәсіби қызметінің 40 жылын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке арнады. Осы тағайындауға дейін ол Комитеттің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарды. Осы басшылық лауазымға тағайындау оның көп жылдық тәжірибесін, құзыреттілігін және қоғамдық денсаулықты қорғауға қосқан үлесін танығанды білдірсе керек.
Ал, Комитеттің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына Айгүл Катренова тағайындалды. Ол эпидемиология саласына 30 жылға жуық еңбек сіңірген тәжірибелі, терең білімі мен жауапкершілігі жоғары маман. Осы тағайындау арқылы кадрлардың сабақтастығы мен лайықты еңбегі үшін алға жылжу саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруды байқауға болады.
Комитет Роза Қожапова мен Айгүл Катренованы лайықты тағайындауларымен құттықтап, халықтың санэпид.саламаттылығы ісінде табыс пен нәтижелі жұмыс, жаңа жетістіктер тілейді.