Құрметті әріптестер және сала ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп, биыл ерекше мәнге ие болып отырған Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бірліктің, ынтымақ пен өзара түсіністіктің символына айналған бұл күні сіздердің әрқайсыңызға, яғни санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бастауында тұрған және болашақ мамандар үшін үлкен жол ашқан біздің ардагерлерімізге, барша әріптестерге ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз ел азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстың негізі болып саналады.
Бұл күн біздің бірлігімізді, бейбітшілік пен әл-ауқатымызды нығайтуға бағытталған тағы бір сенімді қадам болсын!