
Бүгін Астана Медицина Университетінде жоғары курс студенттері мен бейінді мамандықтар түлектерінің Комитеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің және Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздік саласында мансап құруға ұмтылған студенттер үшін маңызды қадам болды.
Комитет мамандары түлектерді санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кешенді жұмысымен және оның негізгі міндеттерімен - профилактикадан бастап жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күреске дейін таныстырды.
Мемлекеттік органдарда, ғылыми мекемелерде, ведомстволық қызметтерде, сондай-ақ ДДҰ және ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуді қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Комитет мамандары мансаптық өсудің әртүрлі бағыттары туралы айтып, осы салаға жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттер өз кезегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында атқарылып жатқан жұмысқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.