25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні

25 сәуір – Дүниежүзілік безгекпен күрес күні

 Жыл сайын 25 сәуірде Дүниежүзілік безгекпен күрес күні атап өтіледі, бұл күн безгектің алдын алу, ерте анықтау және емдеудің маңыздылығын еске салады, әсіресе оның таралу қаупі бар елдерде өзекті. Безгек – бұл адамнан адамға масалардың шағуы арқылы берілетін қауіпті жұқпалы ауру.

Қазақстан Республикасы 2012 жылы ДДҰ-мен ресми түрде безгектен таза ел ретінде танылды. Қазақстанда безгек бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. 2002 жылдан бастап елде безгектің елге әкелінген жағдайлары ғана тіркелді.

Эндемиялық елдерде болған кезде мынадай алдын алу шараларын сақтау қажет:

- репелленттерді қолданыңыз – масалардан қорғайтын құралдарды терінің ашық жерлеріне және киімге себіңіз;

- жәндіктердің енуіне жол бермейтін қорғалған бөлмелерде ұйықтау;

- бөлмелерді инсектицидтермен өңдеңіз – жәндіктерді жоюға көмектесетін аэрозольдерді немесе фумигаторларды қолданыңыз;

-алғашқыбелгілердедәрігергеқаралыңыз – егерсізбезгекқаупібарелдеболғанкезденемесеоралғаннанкейін температураныңжоғарылауынсезсеңіз,міндетті түрде медициналықұйымғахабарласыңыз.

Безгектің алдын алу – денсаулықты қорғаудың және аурудың таралуын болдырмаудың маңызды қадамы.