
Бүгін Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева қызын АПВ-ға қарсы вакцинаның екінші дозасымен егу арқылы баласының денсаулығын қорғау ісінде маңызды қадам жасады. Әріптесіміздің қызы вакцинаны № 111 орта мектептің егу кабинетінде алды.
Бүгінгі таңда республикада АПВ-ға қарсы вакцинация белсенді жүргізілуде. Балалар үшін барынша тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинацияның барлық кезеңдеріне мұқият мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша АПВ-ға қарсы бірінші кезеңде 11-13 жастағы 130,6 мыңнан астам және екінші кезеңде – 8,5 мың қыз егілді. Екпе алғандардың арасында арасында қолайсыз көріністердің тіркелмегенін атап өтеміз.
Балаларды АПВ-дан қорғайық!