Елімізде Ұлы Наурыз мейрамы жақындап келеді. Наурыз мейрамында дастарханда наурыз-көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент өңімдерімен қатар басқа да тез бұзылатын өнімдер қойылуы мүмкін. Адамдар мерекеге дайындалып, дастарханға тамақ өңімдерін сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады.
Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде тамақтан улануды және инфекциялық ауруларды болдырмау үшін мынадай ұсынымдарды сақтау қажет.
Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін ұсынымдар:
- учаскелерге бөле отырып, жоспарланған қатысушылар саны бар іс-шаралар кестесін жасау;
- адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің барлық аумағы бойынша алаңдарды барынша шоғырландыру;
- тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
- үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
- сатушылар арнайы киімде болуы тиіс, жеке гигиенаны сақтай отырып, өнімді бір рет қолданылатын ыдыста сату;
- қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы шығару.
Турғындарға ұсыным:
- қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз. Ата-аналар тамақтың балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуіне ерекше сақтықпен қарауы қажет;
- орталық және солтүстік өңірлерде ауа райы әлі тұрақты емес, сондықтан жылы киініңіз;
- адам шоғырынан аулақ болуға тырысыңыз, әсіресе балалар жарақат алмау үшін, алтыбақан, спорттық жарыстарда абай болыңыз.
Ұйымдастырылған ұжымдарда ата-аналарға және білім беру объектілерінің әкімшілігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сақтану шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салу қажет.