Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тамақ өнімдерін бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 10 491 өнім үлгісін зерттеді, оның 31%-ы (3 245 сынама) тамақ қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкес келмеді. Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде сәйкес келмейтін өнімдердің 5,5 тоннадан астамы сауда желісінен алынды.
Мониторинг нәтижесінде әлеуметтік желілердегі 1 495 ресурста онлайн-сауда арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз ББҚ сататын жарнама анықталып, жойылды. Мәселен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бастамасымен «Meta» компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі 94 профиль бетін алып тастады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
Техникалық реттеу және Ветеринариялық бақылау комитеттерімен өзара іс-қимыл жасау барысында өткен жылы сәйкестік туралы 200 декларацияның қолданысы тоқтатылып, күші жойылды, импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.