Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы
Бұған дейін хабарланғандай, әлемдегі маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Комитет ел шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.
8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында күдікті пациенттермен қауіпті инфекциялардың елге әкелінуі мүмкін болатын жағдайға денсаулық сақтау объектілері, шұғыл медициналық көмек бригадалары және инфекциялық стационарлар толық дайындалды. Дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорлары қамтамасыз етілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары қажетті диагностикалық тест жүйелерімен жабдықталды.
Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылануда. Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Комитет халықты алдын алу шаралары туралы үнемі хабардар етуде және гигиенаның негізгі ережелерін сақтауды ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, маймыл шешегі және бұл аурудың Қазақстанға әкеліну жағдайлары анықталған жоқ.