Ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы
Әлеуметтік желілерде таралған, Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған деп танылады.
Теріс жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, сондай-ақ сырттан әкелінгер жұқпалы жағдайлардың тіркелмегендігін хабарлайды.
Маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.
Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.