Астанада сарапшылар тамақ қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылады

Астанада сарапшылар тамақ қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылады

2-3 мамырда Астана қаласында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтер мен ведомстволар өкілдерінің және Астана, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарының кәсіпкерлерінің қатысуымен тамақ қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар пестицидтердің рұқсат етілген ең жоғары деңгейін бақылау мәселесін талқылады. Сондай-ақ, тамақтан улану жағдайларын тіркеу және болжау мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, Novel food жаңа қоректендіру көздері бойынша мәселелердің өзектілігі және Алиментариус Кодексінің рөлі – энтомофагия, өсімдік негізіндегі баламалы өнімдер, 3D тамақтандыру және т.б. атап өтілді.

Семинар қорытындысы бойынша тамақ қауіпсіздігі бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.